Феминизм және жеке көрмелер маңыздылығы жайында

Аида Адильбек, куратор, суретші және МАТА ұйымының мүшесі Алматы қаласында биыл өткен жеке көрмелер мен феминисттік өзгерістер жайлы эссесі


Марвел киноәлемінің “What if?” анимациялық телехикаясының бірінші маусымын көргеннен кейін, мен параллельді әлемдердің бар екеніне және түрлі ғаламдардың көптен бері араласып келе жатқанына көбірек сене бастадым. Соңғы бес жылда біздің күнделікті оқитын жаңалықтарымыздың легі артып келеді. Бұл ақпараттық шудың кері әсері соншалықты, өз басым өмірімдегі тұрақтылықты тек астрологиялық арналардың болжамдарынан іздейтініме әкеп соқты. Себебі, эзотериканың сөздік қорының мөлшері ұлғаймас, аталмыш шындықтың бейнесіндей мың құбылмалылығы да жоқ. Жұлдыздардың тілі оп оңай, егер жолың болмай жүрсе онда өзіңнің қисықтығыңнан, ал егер бәрі жақсы болса, бәрекелді, барлық ісің мен тірлігің оң болмақ.

Жаңалықтар болса мүлде басқа оқиғаны бейнелейді: әлемдегі зорлық-зомбылыққа тым ұзақ уақыт бойы көзімізді жұмып келген сорлы жан болып шықтық. Әйтпесе, қалайша тек соңғы он жыл арасында ғана қанаушылыққа құрбан болғандардың мәселелері көтеріліп, олардың жаһандық деңгейде өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіне қол жеткізгені түсініксіз. Польша мен Аргентинадағы медициналық түсік шарасын қылмыс етіп тануға қарсы шыққан әйелдердің шерулері бір-екі жыл бұрын ғана өткен болса, дәл осы процедураны Мексикада бір ай ғана бұрын заңды түрде өткізуге қолжетімділік пайда болды. Медиа мәдениет тарихында тұңғыш рет гендерлік, нәсілдік және әлеуметтік азшылықтардың қауымдастықтары экрандардан өздерінің сәйкестіктерінің репрезентацияларын кездестіре алады. Қазақстанда болса біз жаңа жергілікті поп- музыканың өркендеуінің, қазақ тілінің біртіндеп деколонизациялануын, сондай-ақ отбасында, жұмыста және көшеде әйелдердің тең құқықтары туралы батыл, ашық әңгімелердің куәсі болып отырмыз. Соңғы мәселенің маңызды мысалдарының бірі — KazFem бастамашыл тобы ұйымдастырған 8-наурыз күнгі бүкіләлемдік әйелдер құқықтар күніне байланысты шеру болды. Бұл мемлекетіміздің тәуелсіз тарихында алғаш рет ресми түрде рұқсат етілген, ең көп адамдар санын жинаған жаппай шеруге айналды.

Осы жылы Қазақстанның көркемөнер сахнасында да көптен күткен өзгерістер сезілді. 2021 жылы шикі піскен топтық көрмелерден басқа, Орталық Азияның әйел суретшілерінің өнерін ұсынған бірнеше жеке көрмелер өтті. Бұл оқиғалар желісі екі бағытта дамып келді: біреусі галереяның көмегімен ұйымдастырылған болса, екіншілері суретшілердің өз күші мен қаржыларына ұйымдастырылған.


Қазіргі уақытта Қазақстандағы жергілікті суретшілермен дәйекті жұмыс жасап келе жатқан жалғыз ұйым — Aspan Gallery. 2021 жылы олардың кеңістігінде үш жеке көрме көрсетілді. Олар Саодат Исмаилованың «Menim ismim kim edi?», Гүлнұр Мұқажанованың «Тыныштық кеңістігі» және Диляра Қайыпованың «20-21» атты жеке көрмелері. Бұл суретшілердің Қазақстандағы алғашқы көрмелері болып, деколонизация саласындағы этникалық және жыныстық тақырыптарға байланысты, сондай-ақ қолөнердің терең табиғатын зерттейтін ауқымды жұмыстар қойылымдары. Бір қызығы, Гүлнұр мен Диляраның жергілікті аймақтық мәдениеттеріне тән қолөнер сабақтастықтарының бейнелерімен жұмыс жасап қоймай, тоқыма әлемінің егжей-тегжейлі ерекшеліктерін талдайды. Егер Гүлнұр киіз тоқу рәсімін минималистік кескіндеме пішіндес көркем деңгейге жеткізсе, Диляра, керісінше, көркем бейнелерді қарапайым шапан денесіндегі ою-өрнектер арасына енгізеді. Саодат пен оның көрмесі алдыңғы екеуінен өзгеше екені сөзсіз. Мұнда суретші ұлттық болмыс жайлы тақырыпты, әйел адамының өмірі мен тұрмысы арқылы ашады. Саодат өзінің видео және инсталляцияларында Өзбекстанның соңғы жүз жылдық тарихында болып өткен идеологиялық өзгерістер мен осы мәселелердің өзбек әйелінің өмірі мен болмысының тұтастығына қандай әсер еткенін баяндайды.

 
 
 
 
 
 

Экспозициялық тұрғыдан Aspan галереясы кеңістіктік шешімдерін әдетте дәстүрлі ұстанымдар арқылы көрсетеді. Алайда Диляра Каипованың «20-21» көрмесінде олар галереяның ішіндегі бағаналар мен мата арқылы жасалған сайт-специфик инсталляциясының сәтті үлгісімен өз көрермендерін таң қалдырды. Аspan галереясы өз көрмелерінің сценографиясында тәжірибелік әдістерді іздейді деп айту қиын, бірақ бұл галереяның мақасаттарына кірмеуі де мүмкін.


Жоғарыда аталып кеткен көрмелер әйелдер бейнесінің өзгеруі мен олармен байланысты еңбекті көрсетеді, дегенмен, Мадина Жолдыбекованың «Жан толқытар күйлер» мен Лилия Кимнің «Тәжірибеден тыс» атты алғаш көрмелерінде шын көңілмен жасалған жеке хикаялар, әйел адамға тән мүлдем басқа еңбек түрі және жаңа әйелдік сезімдерін қарастырады. Екі көрменің қызықты байланысы — ана тақырыбы және суретшілердің өздері үшін жаңа әлеуметтік рөлді қабылдаудың қиындығында. Жаңа босанған аналар сезінетін әлеуметтік қысым мәселелері мен үшін мүлдем беймәлім, сондықтан мен суретшілердің шығармаларын түсіндіріп кетуге асықпаймын. Бірақ менің байқағаным көрермендердің әсерлері. “Жан толқытар күйлер” көрмесінің суретшімен өткен кездесуінде кез келген әлеуметтік топтың, яғни бұл жерде сәбилердің аналары мен жаңадан босанған әйелдер бейнерлерінің мәдениет тұрғысынан ашылуының маңыздылығына куә болдым. Бейнелері өнерде сирек кездесетін бұл қоғамдық топтың өміріндегі әлеуметтік оқшаулану мәселелері көбіне айтылмай кетеді. Ал көбіне жалғыз атқарылатын ауыр еңбектері босану процесімен аяқталмай, өзіндік тәнінен айырылу жайлы мәселелері мүлдем қозғалмайды. Бұл талқылаулар Мадинаның көрмесінде ашық түрде өтіп, көптеген елеусіз әйелдер дауысын жаңғыртты.

 
 
 
 
 

Мадинамен өз бетінше ұйымдастырылған көрме тәжірибесі туралы сөйлескенде, ұйымдастыру барысындағы көрме кеңістігіне деген маңызды тараптарының бірі көліктік қолжетімділікте болғанын атап кетті. Мұны көрменің негізгі көрермендері балалары және бесік арбалары бар әйелдер болуына байланысты. Олардың қала ішіндегі күнделікті бағыттарының шектелмелі екенін біле тұра, көрме кеңістігіне түрлі қоғамдық көліктер мен жаяу жетудің амалдары бар болуына назар аударған. Жергілікті мекемелердің ана болу және басқа да әлеуметтік мәселелер тақырыптарымен жұмыс жасауға дайындығы туралы сұрағанымда, Мадина былай деп жауап берді: «Менің ойымша, Қазақстандағы өнер ордасындағы мекемелер күрделі талқылауларға дайын. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында көптен бері емшек емізуді бейнелейтін кескіндемелер қойылымда бар. Еліміздің бас мұражайында «1937: Еске алу аймағы|Жоқтау» атты көрмесі өткен. Репрессиядан гөрі ауыр тақырыпты елестету қиын. Дегенмен, рас, мен мұражай кеңістігінде саяси белсенділердің, журналистердің, квир-адамдардың тәжірибесі жайлы көрме ұйымдастырылу мүмкіндігін әлі көріп тұрған жоқпын. Әлде, бұл тақырыптарды да ашық түрде жариялау үшін бір ғасырлық уақыт аралығы қажет пе екенін білмеймін».

Лилия Кимнің «Тәжірибеден тыс» атты жеке көрмесінде адам баласының туылуы мен өмірден кетуі жайлы экзистенциалды ойлар мен қаскүнем аналық қарым-қатынастары туралы әңгімелер бар. Осылайша, Лилия қарапайым өмірлік мәселелерді шешудің терапевттік тәсілдерін ұсынады, осыған байланысты оның инсталляцияларының интерактивтілік және қолөнер қасиеттері қисынды болып көрінеді. Суретші осындай көркемөнерлік амалдар арқылы өзі мен көрермен қоғамына сұрақтарға жауаптарды бірлесіп іздеуге мүмкіндік береді. Шығармаларында белгілі бір Lego ойыншықтарына ұқсас сәйкестік бар, қондырғылардың мыңдаған нұсқада жинау мүмкіндігі бала ойындарының шектеусіз табиғатына тең. Барлық инсталляциялар қол асты құралдарынан жиналғанымен, қатерлілік сезімін тудыратын өткір және қатаң бұрышты пішіндерге ие. Алайда, олардың түстік шешімдері мен көпфункционалдылығы арқасында ойынға тән ең басты қасиеті бар — олар диалог арқасында жұмыс істейді. Бұл диалогтар инсталляциялардың бір-бірімен, көрерменімен, желбеңдеткен желмен қарым-қатынасқа түскенде қалыптасады. Көрменің орналасқан кеңістігінің таңдауы, бұл жағдайда, ол тұрғын үйдің төбесі, туындылары сәйкес қолөнерлілік сияқты, сонымен қатар, аймақтық ерекшеліктеріне сілтейді. Атап өткен тұрғын үй төбесі, онымен қоса басқа да қараусыз қалған ғимараттар, шатырлар, қаңырап қалған және қираған құрылыстар посткеңестік елдердегі милениалдар ұрпағының балалық шағына сілтеме болып келеді. Бұл кеңістіктердің 90-шы және 2000-шы жылдары балалардың ойын алаңдарына айналып, олардың кеңістікті өзгеше мәнге толтыру үрдісіне әкелді. Дәл осындай белгіленген мекенге қайта мән ойлап табу практикалары Орталық Азияның көптеген суретшілерінің шығармашылықтарына тән. Олардың бейресми кеңістіктерде өздерінің өнерін көрсетуге тартылуының себептерінің бірі болуы мүмкін. Дегенмен, мен бұл тенденцияның дамуына қаламызда техникалық және кеңістіктік тұрғыдан қарастырғанда қолайлы White Cube тектес галереясының болмауына байланысты екенін де жоққа шығармаймын.

 
 
 
 
 

Осы көрмелерден басқа биыл заманауи мәдениет орталығы Целинный жас суретшілерге қолдау көрсету және жеке көрме ұйымдастыруға бағытталған «Үміт» жобасын ұсынды. Әділ қазылар шешімімен open call-дың финалисті болып Вероника Тришина тағайындалды. Целинныйдың жариялаған бағдарламасы бойынша көрме осы күзде өтеді.

Бақыт Бубиканова да алдағы айларда жеке көрмесінің ұйымдастырылуы жайлы жариялап, жеке инстаграм парақшасында үнемі онлайн перформанстар өткізіп отырады.

Тамыз бен қыркүйек айларында Асель Нусипкожанованың «Ғажап дүние» атты жеке көрмесі өтіп кетті. Ондағы кураторлық жұмыстарды Юло Ханмен бірлесіп жасаған болатынбыз. Осылайша, 2021 жылы Алматы өзін шынайы мегаполис ретінде жариялай алатындай белсенділіктерге толы болды. Алайда, соншалықты әйелдер өнерлерінің қойылымдарының өркендеуіне қандай себеп болғаны белгісіз. Мүмкін бұл әлемдегі, жергілікті аймақтағы әлеуметтік-саяси бейненің өзгеруі және феминистік қозғалысына күрт назар аударылуымен байланысты. Немесе бұл 2020 жылғы ұзақ мерзімді карантиндік кезеңінде әлеуметтік оқшаулану жағдайларына үйренген әйел адамы ғана өмірінің жалғасын таба білетін қасиеттерге байланысты ма?

Суретшілердің жеке көркемдік тәжірибелерінің дамуы үшін, демек, көркемөнер ортасының сапалы түрде дамуына жеке көрмелердің аса қажеттілігін көріп тұрмын. Осы күнге дейін өткен топтық көрмелер көбінесе кураторлардың ойының аймағында болып, суретшілердің жеке жұмыстарын сирек кездерде ғана сәтті жағынан көрсете алған. Қазіргі уақытта Қазақстанда суретшілердің шығындарын толықтай қамтамасыз ететін резиденциялар (студиялық кеңістік пен өндіріс құралдары, күнделікті шығындар қаржысымен қамтамасыз ете алатын), жас суретшілерге үнемі қолдау көрсетіп отыратын ірі институционалды ұйымдар немесе суретшілерге арналған толыққанды өндірістік гранттар жоқ. Мұндай экожүйеде мен суретшілердің жеке жобаларының жүзеге асырылуы және жеке көрмелер үрдісінің белсенді түрде қалай дамитынын әлі түсінбеймін. Демек, суретшілердің жеке шығармашылығының дамуы үшін өзара ұйымдар құру, шетелдік донорларға тәуелді болу арқылы немесе өз қаржыларын салудан басқа нұсқаларды көріп тұрған жоқпын.

Жергілікті өнер ортасы нарықтың қарым-қатынастар деп аталатын нәрсеге жақындаса келсе де, өкінішке орай, әзірге бұл нарық үшін (яғни галереялар мен өнер мекемелері үшін) тек танымал есімдер қажет; техникалық жағынан қарапайым өнер туындылары қаланады. Біз көретін топтық көрмелерде өнер туындылары дәстүрлі нақышта орындалып, әдетте көрме кеңістігінің қабырғасында ғана орналасатын жұмыстардан тұрады. Мұндай жасанды иерархия қалыптастыру арқылы суретшілердің шығармашылығының аумағы да шектелініп қалатынын байқауға болады. Жергілікті өнер мекемелерінің арасында дамып жатқан осындай үрдістер, олардың эксперименталды бейнелермен және күрделі мәселелермен жұмыс істеуге дайярлылығына күмән тудырады.

Өзімнің жеке шығармашылық тәжірибеме байланысты менің объективті көзқарасымның бола алмайтынын түсінемін. Алайда, бұл тежеулер қазақстандық өнер мекемелерінің қандай рөл атқаруы және олардың қаншалықты қажеттілігі жайлы сұрақтар тудырады. Егер маған суретші ретінде қалыптасып, өзімнің шығармашылығыма назар аударту үшін тек дәстүрлі нақыштағы әдістермен жұмыс істеуім қажет болса, біздің кәсіби ортамыздың және оның ішіндегі тең мүмкіндіктердің дамуы жайлы қаншалықты шынайы айта аламыз?


Мақала USAID қаржылық қолдауымен Internews ұйымдастыратын “MediaCAMP орталық азиялық бағдарламасының” аясында жазылған. Көбірек ақпарат алу үшін. Көбірек ақпарат алу үшін

Opening Times

Monday — Friday
09.00am — 17.00pm
Saturday
10.00am — 16.00pm