Қазақстандық жаңалықтардың ағыны жыл басынан тоқталмастан Қанды қаңтар оқиғаларын көрсете келе, бірден Украинадаға соғысқа көше кетті. Мұндай ахуалды оқиғалардың қарсаңында қазақстандықтар Ресейдің зорлық пен отарландыру әдістерінің астына біз де түсіп кетеміз бе деген үреймен күндер кешеді.
Ресейлік шабуылдың кесірінен жоғалып кетіп бара жатқан украиндық өнер туындыларына қарай отырып, тарих пен өнердің қаншалықты нәзік екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл мәселенің салдарынан туатын зардапты кешегі күні “Қызыл Трактор” арт-тобының инстаграм парақшасында шыққан посттардың мысалында көре аламыз. Ондағы фотолар мен мәтіндерде жалған түрде шығарылған суретшілер тобының Ресейге деген қолдауы.
Сөйтсе, парақшаны көп жылдар бойы суретшілердің әріптесі болған Вадим Коростелев жүргізеді екен. Кезінде барлығы бірге Шымкентте Виталий Симаковтың қол астында оқып, танысқан. “Қызыл Трактор” мүшелері мен Вадим бірге жұмыс жасап, бір-біріне қолдау көрсеткен. Вадим суретшілердің алғашқы көрмелерін суретке түсіріп, жұмыстарының архивын жинастырған. Кейіннен шығармашылықты қойып, 2010-жылдары Мәскеуге көшіп, кәсіпкерлікпен айналысып кеткен. Дегенмен, бос уақытында “Қызыл Трактор” шығармашылығын жәрдемдеуге көмектесуге қол ұсынып, инстаграмды ашқан болатын. Бір ай шамасы бұрын суретшілер мен Вадим Украинада болып жатқан соғыс мәселесі жайлы сөзге келіспей қалған. Ресейге қолдау көрсетіп отырған Коростелев ендеше суретшілерге қатер тигізбек болып, олардың атынан енді “Z” әрпі бар пропагандисттік фотосуреттер, соғыс пен Ресей саясатын қолпаштайтын посттар жаза бастады.
Кезінде Молдекеңе (ескертпе: Молдақұл Нарымбетов, “Қызыл Трактор” арт-тобының негізін қалаушысы) көп жәрдем көрсетіп, көмектескен. Бірақ бүгінгі күні істеп отырған иттілігін көтере алмаймыз. Біз әлемде болып жатқан дұрыс-бұрысты біліп отырмыз, мүлдем қандай да бір соғысқа қарсылық білдіреміз. Мен өзім және “Қызыл Трактор” Украинаны қолдайды. Украиндықтар біз үшін де соғысып жатыр деп сенемін. Қаражаттай үлкен көмек көрсете алмасам да, желі де, ақпараттық түрде толықтай көмектесуге тырысып келемін.
Саид Атабеков
Көптеген жылдар бұрын Мәскеуге көшіп кеткен Қызыл трактор тобының бұрыңғы демеушісі топтың атынан «Ресейге қолдау» көрсетіп шықпақ (инстаграмда) еді. Мен бұл суретшілер тобымен көп жылдар бойы жұмыс істеген, олардың көрмелерін Алматы, Вена, Вильнюс, Берлин, Женева, Мехико, Нью Йорк қалаларында ұйымдастырған куратор ретінде бұл парақшадағы жұмыстардың, мәтіндердің, ойлардың ешқайсысы Қызыл Трактор тобына тиесілі емес екенін растаймын. Олар (Қызыл Трактор) өте адал адамдар.
Валерия Ибраеваның facebook парақшасынан
“Иштей туған жау жаман” атты, осы мәселе қайта суретшілер мен олардың құқықтарын заңды түрде қорғай алу мәселерінің әлдеқайда осал және әлсіз екеніне дәлел болып отыр. Коростелев авторлық құқықтарды бұзып қоймай, сонымен қатар істеп отырғаны саналы түрде ма, жоқ па Ресейдің отыршылдық және күш көрсету әдістеріне сәйкес ақылсыздық. Бұл істің нәтижесі тек суретшілердің абыройына деген қатер емес, оған қоса қазақстандық заманауи мәдениетіне деген қауіп төндіру деп білемін.
Фотодағы туынды: Саид Атабеков